Ағымдағы жылы Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту деңгейі 60 балл болады

"Жоғары оқу орнына түсу үшін Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту деңгейі 50-ден 60 баллға дейін арттыралады",- деді министр. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең төменгі деңгей былтыр да 60 балл болған медициналық жоғары оқу орындарында да балл деңгейін көтеру көзделуде.

Ж.Түймебаевтың айтуынша, 2007-жылы "Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысушылар үлесі 85,4%-тен 87% дейін, ал Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл 63,3-тен 65-ке дейін өспек".

Министр сонымен бірге 2008-жылдан бастап қазақ тілі Бірыңғай ұлттық тестілеуге қамтылатын міндетті пәндердің тізіміне енгізіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті