Agip KCO Қашаған кенішінде мұнай өндіре бастау мерзімін 2007-жылға дейін кейіндетуге байланысты шығынның өтемі ретінде 150 млн. доллар ұсынған

Agip KCO консорциумындағылар бұл ақпаратты жоққа шығармағанымен, қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

Agip KCO консорциумы мен ҚР үкіметі арасындағы келісім шартына сәйкес, Қашаған кенішінде мұнай өндіру жұмысы 2005-жылы басталуы тиіс.
Agip KCO консорциумына BG Group, Exxon Mobil, Inpex Masela Ltd., Phillips, Shell және TotalFinaElf компаниялары біріккен. Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді құрайды.