Сот оны алаяқтық жасап, «Аграрлық несие корпорациясынан» несие ретінде алынған 350 млн теңгені жымқырды деп таныды. Бұл туралы сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне судья Әлия Жошева хабарлады.
Сот үкімі бойынша кәсіпкердің мүлкі тәркіленеді. Сонымен қатар, ол корпорациядан ұрлаған қаржыны толығымен қайтаруы тиіс.
Іс материалдарына сүйенсек, істі болған азамат корпорацияға құжат тапсырғанда өзін фермер ретінде таныстырып, жалған құжаттар тапсырған.
«Сараптамалық комиссияны алдып, «Кең дала» ЖШС деп аталатын жалған кәсіпорын құрған. Содан соң «Аграрлық несие корпорациясына» Бұқар жырау ауданында мемлекеттен 2 гектар жерді жалға алып отыр деген жалған актінің көшірмесін тапсырған», - дейді Ә.Жошева.
Осындай жалған құжаттар негізінде оған 350 млн теңге көлемінде несие берілген.
«Ол бұл соманы мақсатқа сай жұмсамай, ақшаны басқа ЖШС-тің есеп-шотына аударып жіберген. 2010 жылдан бері корпорацияға бірде бір рет төлем төлемеген», - дейді судья.