Бұл шешімді съезд делегаттары түгелдей қолдап дауыс берді.
Аграрлық партияның 130 мүшесі бар.
Бүгінгі таңда "Отан" партиясы Қазақстандағы ең қуатты саяси партия санатында. Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылдың маусым айында "Отан" партиясының кезектен тыс съезінің делегаттары "Асар" партиясымен бірігуге дауыс берген болатын. 10 қарашада Қазақстанның Азаматтық партиясы "Отан" партиясымен бірлесуге ниет білдірген.
Қазақстанның аграрлық партиясы съезінде айтылғандай, алдыңғы қатарлы төрт партияның бірігу нәтижесінде қалыптасқан альянсты "шынайы халықтық" деп есептеуге болады". Осыған байланысты съезде осындай саяси бірлестікке жаңа атау беру туралы ұсыныс айтылды.
2005 жылы қыркүйекте "Отан", "Асар", Азаматтық және Аграрлық партиялары желтоқсан айында өтетін президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау үшін құрылып жатқан Халықтық коалиция құрамына кірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті