Аграрлық секторды қолдау мақсатында үкіметтің қорынан қосымша 64 млрд теңге бөлінді - ҚР АШМ басшысы

"АҚШ ипотекалық несиесінің дағдарысына байланысты елімізде банк жүйесінде туындаған белгілі мәселелерге қарамастан, кеше Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен аграрлық секторды қолдау мақсатында үкіметтің қорынан қосымша 64 млрд теңге бөлінді", - деді А. Есімов.

Ол айтқанындай "40,9 млрд теңге "ҚазАгро" Ұлттық холдингтің еншілес компанияларының жарғылық капиталын толтыруға және несиелендіруге жұмсалса, 6,0 млрд теңге мемлекеттік қорға қосымша бидай сатып алуға бөлінеді. Сондай-ақ, 17,2 млрд теңге АӨК негізгі бағыттарын дамытуға жұмсалады".

Министр атап өткеніндей, бұдан басқа, " "Қазына" тұрақты даму қорынан екінші деңгейдегі банктер арқылы агроөнеркәсіп кешеніне несие ретінде 21 млрд теңге бөлінеді. Бұл елдің банк жүйесінде биыл болатын жағдайда несиелік ресурстардың тапшылығын толтыратын болады".

"Мұндай қосымша көмек біздік бюджеттік бағдарламаларымызға өзгертулер енгізіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін одан әрі күшейту шараларын толық орындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, саланың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырып, оның экспорттық мүмкіндігінің молаюына септігін тигізеді", - деп атап өтті ҚР ауыл шаруашылық министрі.