Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қаржыландырылуы ірі және шағын компаниялар үшін бірдей қолжетімді болуға тиіс-сарапшылар


деп санайды сарапшылар.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев атап өткендей,бағдарлама сынға алынған, өйткені ірі компаниялар көбірек ақша алды да, сәйкесінше шағын фермерлер азырақ алды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметке "ретроспективті" инвестициялық субсидиялар енгізу үшін ұсыныс жолдады,өйткені бөлінген ақша агроөнеркәсіптік кешендегі мәселелерді шешуге жетпей отыр, деді ол.
Ал “Қазақстан фермерлер одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Әуезхан Дарыновтың айтуынша, АӨК қолдауға бөлінген қаржының басым бөлігін қарыздарды қайтармайтын компаниялар алған.
"Біз жүргізген талдауға қарағанда, орташа және шағын кәсіпорындар 300 млрд теңге ақшаның небәрі  0,2% алған. Қалғанын қайтадан мемлекет алдында ұдайы қарыз холдингтер бөліп алған. Ақшаны кім тиімді жұмсайды, соған беру керек”, деді ол.
АӨК экономикасы және селолық аумақтарды дамыту ҚазҒЗИ бас директоры Алтынбек Молдашевтің пікірінше, мал шаруашылығы саласын қолдау керек."Елдің сүт, ет, майға деген өсіп отырған сұранысын ескере келе, мал шаруашылығын дамыту басымдық міндет болуға тиіс”, деді ол.