Агроөнеркәсіптік кешенді бәсекелік қабілетке ие болдыруға мүмкіндік беретін факторлар жүйесін құру - республика үкіметінің басты мақсаты - үкімет басшысы

"Республика үкіметінің басты мақсаты - агроөнеркәсіптік кешенді бәсекелік қабілетке ие болдыруға мүмкіндік беретін факторлар жүйесін құру болып табылады. Ол үшін ауылды өндірістендіру керек",- деп пайымдайды үкімет басшысы.

Оның айтуынша, барлық даму институттарына тиісті тапсырмалар берілді. "Бұл бағытта үлгі тұтарлық істер де бар. Мәселен, Қазақстанның даму банкі экспортқа бағытталған жобаларды қаржыландыруда",- деді Д.Ахметов. Мәселен, Қазақстанның даму банкі Солтүстік Қазақстан облысында биохимиялық жобаны жүзеге асыруының нәтижесінде кәсіпорын биоэтанол өндірмек. "Біз тағы да осындай екі жобаны қолға алдық. Бұл өндірістердің өнімі жоғары қосалқы құнға ие болумен бірге шикізат пен ақырғы өнімнің құны 8 есе айрмашылықта",- деді үкімет басшысы. "Бұл - алғашқы қадамдар ғана. Осы бағытта қалай ілгерілеу керек екенін біз білеміз: ауылды өндірістендіру және өңдеу деңгейін көтеру - міне осы жол ғана Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткен соң бәсекелестік қабілетке ие болуына мүмкіндік береді",- деп мәлімдеді Д.Ахметов.