Caravan.kz медиа-порталы сол баяндаманы толығымен оқырман назарына ұсынып отыр.
Қайрат Айтуғанов,
ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде АӨК-тің одан әрі дамуын қамтамасыз ету мақсатында негізгі мәселелерді жүйеленген Карта түрінде нақты көрсеткіштерінен шаралар әзірледі.
Агроөнеркәсіптік кешеннің 10 басым бағыты бойынша даму Картасы дайындалды, тағы 2-уі әзірленуде.
Карталар өңірлерде салалық қауымдастықтар және одақтар, қоғамдық кеңестер, агробизнес және ғылыми ұйымдар өкілдерімен талқыланды және барлық мүдделі тараптарды ескере отырып пысықталды.
Ауыл шаруашылығы кооперациясы Картасы
Бұл карта 2016 жылдың соңынан бастап жүзеге асырылып келеді және оның орындалу барысы, Бақытжан Әбдірұлы, біз үнемі Үкіметке хабарлаймыз. Жылдың нәтижелері слайдта көрсетілген.
Аграрлық қайта өңдеу Картасы
Бұл картаны ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Үкімет отырысында мақұлданды. Кәсіпорындардың деректер базасы алғаш рет қалыптастырылды
Импорт үлесінің жоғарылығын, жүктелмеген қуаттылықты және шикізаттық әлеуетті ескере отырып, 435 кәсіпорынмен ұсынылған, қайта өңдеудің 9 басым түрі айқындалды.
Осы 9 бағыт бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу тиімділігінің төмендігіне байланысты жыл сайын өнім көлемі 1 трлн. теңгеге жуық азайтып отыр.
Картаға сәйкес, 435 кәсіпорынға 80 жаңғырту және 79 жаңа шағын зауыт салу жүктеледі.
Картаны қаржыландыру қарыздар бойынша сыйақы ставкасының төмендеуі есебінен және кредиттердің пайыздық мөлшерлемелерін арзандату жолымен шешілетін болады.
Бюджет қаражатының жалпы қажеттілігі 4 жыл ішінде 112,1 млрд. теңгені құрайды. Сонымен бірге салықтық аударымдардың жалпы сомасы 171 млрд. теңгеге артады. Картаны іске асыру қайта өңделетін өнімдердің жалпы өндірісін 1,9-дан 3 трлн. теңгеге дейін ұлғайтуға және 7 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
АӨК-ті қарқынды техникалық қайта жарақтандыру Картасы
Ауыл шаруашылығы техникасының паркіне жүргізілген талдау 65% тракторлардың және 46% комбайнның қолдану мерзімі 17 жылдан асып кеткенін көрсетіп отыр. Бұл ретте, аталған тракторлардың 20%-ы жұмыс істемейді, ал 26%-ы есептен шығаруға жатады. Комбайндар бойынша да осыған ұқсас жағдай қалыптасқан.
Тозығы жеткен техниканы пайдалану жөндеуге және ЖЖМ-ға жұмсалатын шығынның 20%-ға артуына, және ең бастысы жалпы жиналымның шамамен 14%-ын немесе шамамен 200 млрд. теңгені жоғалтуға әкеліп соқтырады. Бұл ретте 20 отандық кәсіпорынның жүктемесі 30% деңгейінде, импорт сандық көрсеткіштерде де, ақшалай мәнде де өндірістен 2 есеге артық.
Қуатты комбайндар мен тракторлардың импортын алмастыруға Қазақстандағы өндіріс әлі қауқарсыз, бірақ отандық өндірістің топырақ өңдейтін және азық дайындайтын техника секілді «шағын механикаландыру» импорты бойынша жағдайды өзгертуге күші жетеді. Оардың импорты шамамен 60 млн. АҚШ долларын құрайды.
Осыған орай, Карта аясында төмендегі мәселелер қарастырылады:
бірінші, түпкілікті мөлшерлемесі 5%-ға дейін отандық ауыл шаруашылығы техникасы өндірісіне жеңілдетілген кредит беру бағдарламасын енгізу;
екінші, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған инвестициялық субсидиялау тетігін өзгерту.
Инвестициялық субсидия ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге емес, зауытқа берілетін болады. Бұл ретте зауыт түпкілікті алушыға субсидия сомасы көлемінде жеңілдік жасай отырып, техника береді;
үшінші, машина бөлшектерін әкелу және ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде отандық зауыттар үшін ҚҚС бойынша жеңілдіктер.
Жалпы алғанда, 2021 жылға дейін жеңілдетілген несие беру үшін 217 млрд. теңге қажет, бұл қаражаттың орнын толтыру есебінен ауылшаруашылық техникасының паркін жаңартудың оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Төмендегі ұсынылып отырған шаралар ауылшаруашылық техникасының паркін ұлғайтуға мүмкіндік береді:
- машина-трактор паркін жаңарту қарқынын 1,5-дан 4,0%-ға дейін арттыруға;
- отандық ауыл шаруашылығы машинасын жасау өнімі өндірісін 2,5 есеге арттыруға.
Тұқым шаруашылығы Картасы
Биылғы жылы тұқым өндірісіндегі жағдайды түзетіп, элиталық тұқымдарды пайдалану үлесін 2016 жылдан бері 4,4% -дан 6,3% -ға дейін арттырдық.
Дегенмен, талдау нәтижесі көрсеткендей, негізгі егістік үшін 10 жылдан асатын сорттардың үлесі 60-85%-ды құрап отыр.
Мұндай сортты пайдаланудан біз 3,5 млн. тоннадан аз өнім аламыз. Сонымен қатар, бұл сорттар субсидияланады. Сондай-ақ, пісетін сорттардың оңтайлы арақатынасы байқалмайды, соның арқасында шамамен 200 мың тонна астық жойылды. Осыған орай, төмендегі шараларды ұсынамыз:
бірінші, айналым мерзімі 10 жылдан асқан сортты субсидиялаудан бас тарту қажет, бұл жыл сайын 3-4 млрд. теңге босатуға мүмкіндік береді;
екінші, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сапалы импорттық тұқымдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін (оларға ұқсас отандық тұқым болмаған жағдайда) оларға арналған нормативті ұлғайту (70%-ға дейін);
үшінші, тұқым шаруашылығы техникасына арналған инвестициялық субсидиялар нормативі 25%-дан 50%-ға дейін, ал субсидияланатын техникалар тізбесі 8 түрден 22 түрге дейін ұлғайтылады.
Бұдан басқа, тауарлы егістерге 1-репродукциядан төмен емес тұқымдарды пайдалануға біртіндеп көшу ұсынылады. Бұл элиталық тұқым егу үлесін 2018 жылғы 7%-дан 2021 жылы 13,5%-ға дейін ұлғайту есебінен жүзеге асырылады.
Өсімдіктерді қорғау Картасы
Әр облыс бойынша егістердің фитосанитариялық жай-күйі айқындалды. Ластанған алаңдар мен нақты өңделген алаңдар анықталды. Мәселен, арамшөптер бойынша 4,7 млн. га, ал зиянкестер мен аурулар бойынша 1,5 млн. га өңдеумен қамтылмаған. Осының бәрі 1 млн. тонна жалпы өнім ысырабына әкеліп соқтырады.
Талдау кезінде, егістің зиянкестері мен ауруларымен күресуге бюджеттен бөлінетін 2,2 млрд. теңгеден тек 700 млн. теңгесі пестицидтерді сатып алуға, ал қалған 1,5 млрд. теңгесі көрсетілетін қызметтерді (сақтау, тасымалдау және химиялық өңдеу) сатып алуға жұмсалатыны анықталды.
Осыған байланысты, 2018 жылдан бастап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің препараттар сатып алуға жұмсаған шығындарын олардың құнының 50%-ы мөлшерінде жаңа схема енгізілетін болады.
Бұл өңделетін алаңды 2 есеге жуық, яғни, 1,9 млн. гектардан 3,4 млн. гектарға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Арамшөппен ластанған аумақты емдеуді субсидиялау жаңа өлшем бойынша препараттың белсенділігіне байланысты қолданылады.
Мысалы, белсенді заттың концентрациясы бірдей «Кредит Экстрим» 930 тг/л, ал «Roundup Extra» - 1800 тг/л, субсидия беріліп келген. Жаңа көзқарастың арқасында 2,1 млрд. теңге бөлінді, бұл егістік алаңын 1,1 млн. гектарға арттырады деп жоспарланып отыр.
Агрохимия (минералды тыңайтқыштар) Картасы
Әр облыс пен аудан бойынша топырақтың агрохимиялық карталарын зерттедік. Құрамында азоттың және фосфордың үлес мөлшері аз жерлер аумағы анықталды. Бұл топырақтың жай-күйін есепке алмағанда, тыңайтқыштардың нашар пайдаланылуының салдары болып табылады.
Тыңайтқыштарға деген қажеттілік 2,6 миллион тоннаны құраса, жыл сайын сұранымның 10% ғана инвестицияланады. Биылғы жылы енгізілген тыңайтқыш субсидиялардың жаңа схемасы алғаш рет сұраныстың 14% -ға жетуіне мүмкіндік берді.
Енді топырақтардың агрохимиялық жағдайын ескере отырып, субсидияланған тыңайтқыштарды енгізу талаптарын белгілеу қажет, яғни. оларды қажетті жерге жеткізуіміз керек.
Министрлік әр облыс үшін бірыңғай норманы әзірледі, ол 3,9 млрд. теңгені босатуға және оларды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, субсидиялауға жататын қажетті тыңайтқыштардың нақты тізбесі айқындалып, осыған сәйкес 161 пункттен 32-і ғана енгізілді, бірақ негізі 19-ға жуық сұранысқа ие. Сұранысы төмен тыңайтқыштар алып тасталады. Бұл тағы да 1 млрд. теңге субсидияны босатуға мүмкіндік береді.
2021 жылға қарай 4,9 млрд. теңгені тиімді қайта бөле отырып, тыңайтқыштарды енгізу көлемі қажеттіліктің 25 %-ына дейін жеткізілетін болады.
Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 10-15%-ға немесе жалпы түсім көлемін 1,4 млн. тоннаға дейін қосымша ұлғайтады.
Азық өндірісі Картасы (азық теңгерімі)
Ауыл шаруашылығы жануарлары басын толыққанды, теңгерімді азықпен қамтамасыз ету мал шаруашылығын тұрақты дамытудың шешуші факторы болып табылады.
Республикада азық-түлік тапшылығы 8,7 млн. тонна жемшөпті құрайды, бұл мал басының 13% -на (211 млрд. теңге) жетіспеушіліктің себебі болып табылады.
Өңірлерде азық-түлік бөлінісі әзірленді, олардың әрқайсысы азық пен өндіріс көлемін жоғалтуды ескере отырып, азықпен қамтамасыз ету көлемі анықталды.
2021 жылға қарай тапшылықты азайту үшін негізгі азықтық дақылдардың егістіктері, кірістілігі және жалпы егін жинағы үшін айқын көрсеткіштер анықталды.
- бірінші, көпжылдық шөптерді жаңарту, ескі өсімдік дақылдарын өнімділігі 1,3 млн. гектардан төмен егістіктерді жою;
- екінші, біржылдық және көпжылдық шөптердің тек тиімді және аудандастырылған тұқымдары мен сорттарын, сүрлемдік дақылдарды субсидиялау есебінен өнімділікті ұлғайту;
- үшінші, құрамажем өндіруге арналған жемшөп пен компоненттерді форвардтық сатып алу үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорциясы» АҚ-ға бюджеттік кредит беру ұсынылады. Бұл жұмыс істеп тұрған құрамажем зауыттарының жүктемесін 50 %-дан 80 %-ға дейін (1,2-ден 2,1 млн. тоннаға) ұлғайтады, сондай-ақ ұйымдасқан шаруашылықтардың азыққа қажеттілігін толықтай жабады.
Азық өндірісі картасын іске асыру мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісін 15-20 %-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Егістікті ұлғайту Картасы
1991 жылдан 2016 жыл аралығына дейін 10,6 млн.га жайылым алаңы азайды. Бұл жерде 7,5 млн. га немесе 70% -ы 5 облыста (Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары) шығып қалды. Карталар аясында 1,9 млн. га жайылым жем, майлы дақылдар өніміне пайдаланады. Сараптама көрсеткендей, жыл сайын 7,8 млн. мал терісі, олардың 2% ғана өңдеуге кетеді. А тері өңдейтін 5 зауыт тек 5,5%-ғана (3,0 млн. тері) жүктемемен жұмыс істеп отыр. Жүн өңдейтін кәсіпорындардың орташа жүктемесі 12,7%. Оның тек 10% -жүні ғана өңделуге жатады.
Осыған байланысты мыналар көзделеді:
Жүн илеу бойынша 30 жаңа дайындық пункттер мен сойу пункттері жанынан 135 тері дайындау пункттерін құру. Сондай-ақ, жайылымдарда 2531 жайылым және 1747 жасанды ұрықтандыру пункті құрылады. 2 жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және заманауи технологияларды қолданатын 1 зауытты салу, бұл жүннің барлық түрлерін, әсіресе кешенді түрде теріден өңдейтін - май, ланолинді өндіруге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, 2021 жылға қарай қойдың санын 2,7 млн. арттыру, ал қой шаруашылығын өндіру 2 есеге (123 млрд. теңге) ұлғайту жоспарланып отыр.
Агроғылымды жаңғыру Картасы
АӨК-тің бәсекеге қабылеттілігін арттыру, өндірістік шығындарды төмендету, астық дақылдарын және жануарлар өнімдерінің сапасын арттыру үшін АӨК аясында тиімді, алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды пайдалану, тек апробациялық өндірістен өткен ғылыми зерттеулерді қаржыландыру керек. Шетелдік тиімді технологияларды трансферртеуді мақсатты түрде қолдаған жөн. Кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың жаңа талаптарын енгізу. Осы шаралардың барлығы агроноғылымды жаңғыртудың картасында қарастырылған.
Екінші кезеңде агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, субсидиялардың қолжетімді несиелендіруге көшу мәселесі.
Кредитті алмастыруға субсидиялардың 15 түрі алдын-ала анықталды. Сонымен бірге жыл сайын 24 миллиард теңге бөлінеді.
Жақын арада бұл ұсыныс министрлік, «Атамекен» палатасы мен өңірлерінде талқыланатын болады.