Алайда спринтерлік есептің жеңімпазына тиесілі жидеге иелік етуін тоқтатқан жоқ, деп хабарлады команданың ресми сайты.
Куала Терренгганудан Танах Мерахке дейін созылған 165 шақырымдық кезеңнің соңғы 300 метріне дейін Гуардини өзінің қолайлы орында келгенін, алайда алдындағы шабандоздың шабуылға шығуға кедергі болғанын айтады.
«Спринттік таласқа мен дайын болатынмын. Күшімде жеткілікті еді. Бірақ жылдамдықты үдетуге мүмкіндік болған жоқ. Мәреге 500 метр қалғанда мен үшінші келе жаттым. Алдымдағы шабандоз жылдамдығын арттыруға мүлдем асыққан жоқ. Нәтижесінде мен мәреге тек төртінші келдім. Мүмкіндіктің тек 60-70 пайызын ғана қолданғаным өкінішті. Маған қолдау көрсетіп, көмектескен командалық әріптестеріме алғысым шексіз. Үздік нәтиже көрсете алмағаныма барлықтарыңыздан кешірім сұраймын», - деді Гуардини.
Astana Pro Team спорттық директоры Яан Кирсипуу команданың бүгінгі жұмысын өте жақсы деген баға берді, пелотонмен арадағы уақыт айырмашылығын 10 минутқа дейін жеткізген «қашқындарды» қуып жетуде олардың еңбегін айтып жеткізу мүмкін емес дегенді айтты.
«Андреаның кешегі жеңісінен кейін команда шабандоздарының көңіл күйі көтеріңкі еді. Барлығы да тек жеңіс үшін тер төкті. Бірақ соңғы 500 метрде топ басында болуы қажет емес шабандоз көп команданың жоспарына балта шапты. Алға шығып алып, қалған шабандоздардың шабуылдауына ешқандай да мүмкіндік қалдырмады. Алда әлі екі күн бар. Жеңіс үшін күресімізді жалғыстырамыз», - деді Кирсипуу.