Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қазақтың ер азаматтары неге ұсақталып кетті? Ажырасу неге көп?
Осыдан бұрынғы әйелдер жайлы постым ФБ да, ватсап чаттарда қызу талқыланып жатыр, пікір екіге жарылған екен, біреулер әйелдерді, екіншілер еркектерді кінәлап жатыр.
Енді ер азаматтар жайлы жазайын деп шештім
Жасыратыны жоқ, от басын асырауға жететін табыс таппай әйеліне масыл болып, онымен қоймай арақ ішіп, әйелін боқтап, тіпті қол жұмсайтын еркек те қоғамда жетіп артылады((
Қазіргі жас жігіттер әйел таңдағанда жақсы табыс табатын, үйі, көлігі бар қызды іздейтін болыпты. Неге, себебі неде?
ЗАМАНЫНА ҚАРАЙ АДАМЫ!
Ажырасудың аз болуы, тіпті мүлде болмауы бұрын әйел адам ер адамсыз жан баға алмайтын еді. Ер адам физикалық күші мықты, бала тауып үйде отырмайтын болғандықтан табыс табушы, асыраушы рөлін атқаратын, туа сала солай тәрбиеленетін.
Әйел бала бала кезінен үй шаруасын істеуге, бала тауып, оны бағуға икемделетін.
Әрқайсысының өз міндеті бар, соны толық, сапалы атқаратын.
Қазіргі заманда табыс физикалық күшке, емес, отырып баспен істеуге байланысты болғандықтан әйел адамдар еркектермен бірдей, кейде тіпті көп табыс табатын болды.
Әсіресе атқа мініп, аң аулап, мал бағып үйренген көшпелі қазаққа қадалып, тек баспен ғана, отырып жұмыс істеу қиынға соғатыны заңды. Ал кесте тоқып, тамақ пісіріп үй жұмысына шыныққан әйел адамға ол қиын емес, тез бейімделді.
Сондықтан еркек адамда қадір кете бастады, ол от ағасы, отбасын асыраушы рөлінен айырылды. Тамақ пісіріп, кір жуып, үй ішін жинауға көшпелі қазақтың баласының еркектік намысы жібермейді, отырықшы халықтар сияқты ол менталитет әлі қалыптаспай жатыр. Сондықтан еркек әйелге тәуелді болып қалды.
Көбі оған көндіге алмай жұдырығына жүгінеді, ал табысты да, баланы да тауып, үй шаруасын қоса істеп отырған әйел оған көнгісі келмейді. Үйдегі билік әйелдің қолына көшті. Оны көріп өскен ұл ынжық, ал қыз өркөкірек, еркекті сыйламайтын дөрекі болып өсіп жатыр(((
Ынжық емес, өркөкірек еркектің шамасы келетін боқтау, ішу, әйелін сабауға жетеді. Көп әйел оған көнбейді әрине
Қандай шешімі бар?
Ер азаматтарды табыс тауып, от басын асырауға үйрету керек, тек сол кезде ғана онда абырой, құдірет пайда болады. Оның жалғыз жолы заманауи техниканы үйрену, яғни интернет, комптьютер, жасанды жады, ғылым-білімге баулу. Күшіне емес, басындағы біліміне ғана сену, 10-12 сағат тапжылмай отырып баспен жұмыс істеуді меңгеру. БАСҚА ЖОЛЫ ЖОҚ!
Әрбір әйел де, еркек те ұл баласын ТАБЫС ТАУЫП, ОТ БАСЫН АСЫРАЙ АЛАТЫН деңгейге жеткізуге тырысуы керек. Ол АСЫРАУШЫ статусына ие болғанда ғана от басының тізгіні соның қолында болады!
Ал қыз балаларды «Сен күйеуге тиесің, «За муж выходишь, яғни күйеуіңнің артында болуың керек», ер азаматты сыйла» деп жөргөгінен тәрбиелеуді жолға қою қажет
«Қыз жат жұрттық, балдай батып, судай сің, шыққан қыз шиден тысқары» деген қазақтың құндылығын бойына қайтадан сіңіру қажет.
Ер азамат өз міндетін- Табыс тауып от басын асырау дұрыс атқарса,
Әйел өз міндетін- Тамақ пісіріп, үйді таза ұстап, ата-енесін, ер азаматын сыйласа ол үйде «райс үстіндегі үйдегідей» береке орнайды
Әрине қазіргі заманда әйел адам үйде отыра алмайды, заманға лайық жұмыс істеп, қоса табыс табуына мүмкіндік беру керек. Бірақ әйелдің жүгі бәрібір ауыр, үй шаруасы қалай да әйелдің мойнында қалады. Ер азамат тамақ әкелу, қатты-қайырым жұмыста көмектесуі тиіс", - деп жазды кәсіпкер Ахметбек Нұрсила.