Ахметбек Нұрсила Тұрар Рысқұлов туралы: "Тұрар Рысқұлов Алаш ардақтыларының түбіне жету үшін барын салған"

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Тұрар Рысқұлдың Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Мыржақып Дулат, Мағжан Жұмабай, Мұстафа Шоқай, Сұлтанбек Қожан, Халел Досмұхамет және тағы басқа Алаш көсемдерінің үстінен Сталинге, ГПУға жазған сансыз "доностары" жетіп артылады.

Сол ақиқатты жазсақ "Ол кезде заман солай болды", "Өлілерді қозғағанда не табасың", деген аргументтер айтылады

Олай болғанда Қазақ атамның "Жаным арымның садағасы" дегені қайда қалады? Күніміз үшін бірімізді- біріміз сата салу қалыпты жағдай болып санала ма сонда?

Бұл "доностарды" Тұрар Рысқұл басына күн туғанда, тергеуде отырғанда емес, бірнеше жыл бойы, жүейлі түрде жазған ғой.

Жалпы 32 жылғы қанды қырғынның басты себепкері де Тұрар болуы мүмкін деген пікір бар. Ал Алаш ардақтыларының түбіне жету үшін барын салғанын оның "доностарын" оқысаңыз көзіңіз жетеді", - деп жазды кәсіпкер.