АИ-92 маркалы бензинді Ресейге алып өтпек болғандар ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізу кезінде Ресей Федерациясына 480 тоннадан астам АИ-92 маркалы бензинді заңсыз тасымалдаудың жолы кесілді.

Тергеу барысында бензинді «еріткіш» түрінде теміржол цистерналары арқылы тасымалдау жоспарланғаны анықталды.


Бензинді сату келісімшартының жалпы сомасы – 2,8 млрд теңге.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.