AIBA Рио Олимпиадасындағы барлық төрешіні шеттетті

Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жекпе-жектерінде қызмет еткен барлық төрешілерді шеттетіп тастады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Барлық 36 төрешінің тергеу аяқталғанша уақытша шеттетілгені хабарланды.

"Ұйым шеңберінде шығарылған шешім бойынша барлық 36 төреші тергеу аяқталғанша уақытша шеттетілді", - делінген AIBA таратқан хабарламада.

Айта кетейік, шеттетілген төрешілер арасында 61 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың арасындағы финалдық кездесуге төрелік еткен қазақстандық Рақымжан Рысбаев пен алжирлік Хейра Сиди Якуб та бар.

Еске салайық, Риодағы Олимпиадасында қазақстандық
Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың
арасындағы кездесу қорытындысы бойынша дау туып, төрешілер жеңісті Тищенкоға берген сәтте көреремендер келіспеушілігін білдіріп, ысқырған. Осыдан кейін Желіде жекпе-жек қорытындысын қайта қарау бойынша талап етілген петиция пайда болды.

Тағы бір дау ресейлік боксшы Владимир Никитин мен ирландиялық Майкл Конлан жекпе-жегі айналасында туындады. Соңғысы жеңіліс тапқан соң AIBA-ны сатылған деп айыптады. Кейін бұған қатысты ұйым өз пікірін жеткізді.