Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ryhy-на сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Сол сияқты мемлекет басшысының жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

«Құрмет» орденімен (2010) марапатталған.

Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.