Air Astana 1-қыркүйектен бастап Дубайға тұрақты әуе рейстерін қайта орындай бастамақ

"Алматы-Дубай" маршруты бойынша рейстер аптасына 11 рет орындалады: Air Astana –аптасына 7 рет және араб әуе тасымалдаушысы Fly Dubai – аптасына 4 рет", делінген онда.

Қазақстаннан Дубайға ұшу әмірліктің әуе басшылығының рұқсаты болмағандықтан 2010 жылы қазан айында тоқтатылған болатын, оның орнына Air Astana Абу-Дабиге тұрақты рейстерді орындап келді.

Осы уақыт ішінде көлік министрлігі араб әріптестерімен "Алматы-Дубай" рейсін қайта қолға алу жайында келіссөздер жүргізіп келді.