Air Astana Алматыдан Атырауға қосымша рейстер ашты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«9 сәуірде Air Astana әуе компаниясы KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін Алматыдан Атырауға және кері қарай Airbus A321 ұшағымен жүзеге асырады. Ұшақтың сыйымдылығы - 179 орын. Алматыдан Атырауға ұшатын рейс сағат 17:00-ге жоспарланған. Кері рейс – сағат 21:15-те», - делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Әуе билеттерін авиакомпанияның сайтында, Air Astana қосымшасында немесе брондау және ақпарат орталығынан сатып алуға болады.

Сондай-ақ Air Astana әуе компаниясы гуманитарлық көмекті тегін тасымалдайтынын қоса хабарлады.