«Air Astana» әуе паркі 6 заманауи ұшақпен толығатын болды


Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімде өткен отырысында «Air Astana» әуе компаниясының вице президенті Ербол Оспанов мәлім етті.

«Ағымдағы жылы 6 ұшақ жеткізіледі деп күтудеміз. Оның бірі «Boeing 767», екеуі «Embraer  190», ал үшеуі «Airbus  320». Олардың барлығы да зауыттан жаңа шыққан ұшақтар», - деді ол.