Air Astana әуекомпаниясының Эйрбас-320 ұшағы ұшу-қону алабынан шығып кетті

Бұл туралы Sputniknews.kz. хабарлайды.

"Бүгін Астана қаласының әуежайында Шымкент — Астана КС352 рейсін орындаушы Air Astana әуекомпаниясының Эйрбас-320 ұшағы ұшу-қону алабынан шығып кетті. Қозғалтқышы бұзылған. Аэродром 13:30 – 14.10 аралығында жабылды", — делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Ұшақты тұраққа сүйреп апарды. Қазір елордалық әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Компания хабарлағандай, 88 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі зардап шеккен жоқ. Қазір әуекомпания оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді 

Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты 

Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді