Air Astana Бангкок халықаралық әуежайының жабылуына байланысты Таиланд еліне баратын рейстерді ұшырмайтын болды

Сағат 11.00-дегі жағдаймен Бангкок әуежайы ашылмауға байланысты Air Astana әуекомпаниясы осы елге ұшуға тиіс рейстерді алып тастауға мәжбүр болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.