Air Astana Бішкектен Ыстықкөлге дейін клиенттерді тегін тасымалдайтын болады

Air Astana әуе компаниясы  Бішкектегі "Манас" әуежайы мен Ыстықкөлдегі  Чолпон-Ата қаласының арасында тегін трансфер ұйымдастырды деп хабарланады әуе тасымалдаушысының сайтында.



Қызмет әуе компаниясының Астана — Бішкек рейстерімен ұшатын барлық жолаушыларға 8 маусымнан 8 қыркүйеккке дейін тегін болады.

Ыстықкөл өзеніне дейін және кері тегін тасымалдау аптасына үш рет автобуспен жүзеге асырылады.

"Манас" әуежайына ұшып келген жолаушыларды әуе компаниясының өкілі қарсы алады және Чолпон-Атаға дейін оларды апаратын автобусқа алып келеді.
Қырғызстанда ресми жазғы туристік маусым 7 мамырда ашылды.