Caravan Logo

Air Astana елордада шұғыл қонған ұшаққа қатысты түсініктеме берді

Air Astana елордада шұғыл қонған ұшаққа қатысты түсініктеме берді


Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

"Қарағанды-Алматы бағытында КС 312 рейсімен жолға шыққан «Боинг - 757» əуе компаниясының ұшағы техникалық себептермен Астана əуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 22.34-те штаттық режимде қонды. Экипаж барлық халықаралық қауіпсіздік шарасын ұстанды. Жолаушылар қонақүйге орналастырылып, Алматыға таңғы рейспен жөнелтіледі. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген əуе компанияның Facebook- тегі ресми парағында.