Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Комитет қазақстандықтардың тұтынушылық құқықтарын қорғау мақсатында төтенше жағдай кезінде тоқтаған рейстердің билет құнын қайтару бойынша Bek Air-ден басқа SCAT, Air Astana, Fly Arystan авиакомпанияларымен жұмыс жасайды. Комитет осы уақытқа дейін ақшасы өтелмеген азаматтардың тізімін жасауды бастады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты отандық авиакомпаниялардың тоқтатылған рейстері үшін билет ақшасын алмаған азаматтарға билетті сатып алғанын растайтын барлық құжаттарды көрсетуі керек. Олар: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, авиабилет және төлемді растайын чек. Аталған құжаттарды тұтыну құқықтарын қорғау мақсатындағы комитетке ұсынуы керек.
Тұтыну құқықтарын қорғау мақсатындағы комитет атына өтініш электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады. Пошта мына мекен-жай бойынша қабылдайды: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс. Сондай-ақ, Telegram-бот арқылы: kzpp_bot.