«Air Astana 17-шілде күні Амстердам – Куала-Лумпур рейсін орындау барысында Malaysia Airlines әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қайғырып көңіл айтады. Оқиғаның анық-қанығы нақтыланғанша Air Astana компаниясының КС 401/402 Алматы-Киев-Алматы бағытына қатынайтын рейстері 18-шілдеден бастап бір тәулікке кейінге шегерілді», - делінген компанияның Facebook торабындағы парақшасында.
«Барлық өзгерістер туралы жолаушыларға қосымша хабарланады. Рейсті орындау мүмкін болмаған жағдайда немесе жолаушылар ұшудан бас тартқан жағдайда билет қайта броньдалады немесе билет құны комиссиясыз қайтарылады», - делінген онда.