Air Astana Тегеран мен Ұлан-Батырға қатынайтын тұрақты әуе рейстерін ашпақ


«2016 жылы Air Astana Алматы-Тегеран және Астана-Ұлан-Батыр рейстерін ашады. Рейстер аптасына үш рет орындалады», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы ішкі және Бейжің, Үрімші сынды халықаралық бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттыру көзделіп отыр.