Air Astana ұшақтарының бортында шариғат талаптарына сай әзірленген тағам ұсынылады


Air Astana компаниясы өздерінің ұшақ бортында шариғат талаптарына сай әзірленген асқа тапсырыс беруге болатынын жазды, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе компаниясы инстаграмдағы ресми парақшасында: "Көпшіліктің сұрауы бойынша біз борттағы арнайы тағамдар тізіміне мұсылман тағамын қостық. Оған сіз билетті сатып алған кезде немесе ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын call.centre@airastana.com электрондық поштасына жазып тапсырыс бере аласыздар" - деген пікір қалдырды.