"Аяғы ауыр": Актриса Құралай Анарбекова елмен сүйінші жаңалығымен бөлісті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актрисаны сырттай камераға түсіріп алған оқырмандары оның аяғы ауыр екенін байқаған. Олар желіде өнер иесіне жылы пікірлерін жаудырып жатыр.

"Бақытты болыңыздар, керемет жаңалық", "Бөпеңізді аман-есен бауырыңызға басыңыз", "Сізге ана болған жарасады екен, әлемдегі ең сұлу ана боласыз", "Өте қуаныштымыз" деген пікірлерін жаудырып жатыр.