Аяғымды қайта басып, жүгіріп үйреніп жүрмін - Тамара Асар

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Ардақты ағайын, қымбатты тыңдарман - тілекшілерім!!!  Маған жолдап жазған, ақ тілектеріңіз үшін көп-көп рақмет. Әрқайсыңызға мықты денсаулық,шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!!! 

Шүкір Аллаға, аман-есен шетелден елге оралдық. Аяғымды қайта басып,жүріп үйреніп жүрмін. лайым да жақсылықтан дәмелімін. Мені қатты сағынған көпшіліктің сұрауымен, алғашқы концерттерімді Алла қаласа, Ақтау- Жаңаөзен-Шетпеден бастауға ұсыныс алдым. Мен де сіздерді қатты сағындым…

“Бөрі арығын білдірмес сыртқа қарнын қампайтар өмір” -жасай берсін!!!", - деп жазды ол.