Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында өзіне тілекші болған тыңдармандарында алғыс айтып, алғашқы концертін қай қаладан бастайтынын айтты.
"Ардақты ағайын, қымбатты тыңдарман, тілекшілерім!
Маған жолдап жазған, ақ тілектеріңіз үшін көп-көп рақмет. Әрқайсыңызға мықты денсаулық,шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Шүкір Аллаға, аман-есен шетелден елге оралдық. Аяғымды қайта басып, жүріп үйреніп жүрмін. Лайым да жақсылықтан дәмелімін.
Мені қатты сағынған көпшіліктің сұрауымен, алғашқы концерттерімді Алла қаласа, Ақтау- Жаңаөзен-Шетпеден бастауға ұсыныс алдым. Мен де сіздерді қатты сағындым…
“Бөрі арығын білдірмес сыртқа қарнын қампайтар өмір” жасай берсін!", - деп жазды ол.
Әншінің оқырмандары жылы лебіздерін жарыса жазуда.
"Елге аман-есен оралыңыз. Маңғыстаудағы 362 әулие қорған болсын өзіңізге", "Сіз мықты әнші ғана емес, мықты адамсыз, өзіңізден мотивация аламын", "Менің қымбатты музам, құлауыңызға жол жоқ, халықтың ақ батасы сізді әлі-ақ 100 ге жеткізеді. Ажарды ұзатар сәтін көп ойлаңыз", - деп жазды олар.