"Аянбай еңбек етемін": Гимнасшы Әлия Юсупова сүйінші жаңалығымен бөлісті

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Құрметті отандастар! Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына ендім. Бұл - мен үшін зор мәртебе, әрі үлкен жауапкершілік!

Маған сенім білдіргені үшін Мемлекет басшысына үлкен ризашылығымды білдіремін! Бар біліммен, жинаған тәжірибеммен еліміздің даму жолында аянбай еңбек ететін боламын!", - деп жазды ол.