Caravan Logo

Айбек Оралбай екі дүркін Азия чемпионы атанды

Айбек Оралбай екі дүркін Азия чемпионы атанды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Боксшы аса ауыр салмақта (92 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды.

Шешуші жекпе-жекте ол Қытай құрамасының спортшысы Ремула Абудурекситиден 5:0 есебімен басым түсіп, 2 жыл бұрынғы Аммандағы жетістігін тағы қайталап, жеңімпаз атанды. Осылайша, Айбек командаға 4-ші алтынды салды.

Биылғы Азия чемпионатын еліміздің ерлер құрамасы 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте 2-орында аяқтады.

Еске сала кетейік, бұл - Айбек Оралбайдың жаңа салмақтағы алғашқы жүлдесі. Боксшы бұған дейін 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын