Әйел адамның ер адамға бірінші болып қол созуы - қазақ дәстүріне жат нәрсе - Нұртөре Жүсіп

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол «Адырна» ұлттық порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Нұртөре Жүсіптің айтуынша, міндетті түрде қол алысып немесе беттен сүйіп амандасу қазақ халқының ежелгі салтына жатпайды. Әсіресе, әйел адамның ер адамға бірінші болып қол созуы немесе беттен сүйіп амандасуы ұлттық дәстүрдің бір бөлігі емес.

«Міндетті түрде қол алысу, міндетті түрде беттен сүйіп амандасу - артық дүние деп ойлаймын. Әйел адамның ер адамға бірінші болып қол созуы – қазақтың бұрыннан келе жатқан әдеті емес», – деді ол.

Депутат бүгінде ер адамдардың бір-бірімен беттен сүйіп амандасуы жиілеп кеткеніне де назар аударды. Оның пікірінше, мұндай әрекеттерді де қазақтың дәстүрлі әдебімен байланыстыру дұрыс емес.

Нұртөре Жүсіп қазақ қоғамында амандасудың өзіндік тәртібі мен әдебі болғанын айтып, оның негізінде сыйластық пен ізет жатқанын атап өтті.