”Әйелдердің бала-шағасын асырауды “коучсымақтардың” мойындарына жүктер едім” - Ердос Қанаев

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Қолымда билік болса, “коучсымақтар мен данышпансымақтардың” сөзіне сеніп, ажырасып жатқан, сөйтіп бала-шағасын асырай алмай бақытсыз болып жатқан барлық әйелдердің бала-шағасын асырауды солардың мойындарына жүктер едім.

Әйелдерінен айырылған еркектің ендігі тойын, қызға берер қалың малын, бәрін солардың мойнына жүктер едім. Қияметте жауап бересіңдер”, - деп жазды әнші.

Ердос Қонаевтың сөзін бірі қолдаса, ал бірі оны сынап тастады.

Желі оқырмандарының пікірі мынадай болды: