Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Заңгер Молдахан Әділетхан профилактикалық есепте тұрған блогердің тәртібі нашар болғанын айтты.
"Көпшілігі "әйеліне не болды" деп жазып жатыр. Әйеліне жандарың ашымай-ақ қойсын. Оның әйелі алаяқ. Бізге Әсел деп танысқан, есімі мүлдем басқа. Алаяқтықпен отырған, ол да профилактикалық тексерісте жүр. Мұрат Әбділда "ұрды-соқты" деп бірнеше рет арыз жазған. Кінә Мұраттың өзінен. Боқтады, ішті-шекті. Білгенін істеп жүрді. Мұраттың анасына обал, анасы жақсы кісі. Бірақ соңғы уақытта анасымен де хабарласпай жүрген секілді. Қамалмай тұрып 2 апта бұрын барғанбыз. Әйелімнің туған күні деп шақырды. Сөйтсек, ешқандай туған күні емес, аты да басқа болып шықты", - деді адвокат.