Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жауап берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Аға, әйелім бар, ұлым бар. 3 баласы бар жесір әйелмен кездесіп жүрмін. Әрі қарай не істеймін” деп сұрақ қойды.
“Асыл арнаның” бұрынғы басшысы оған былай деп жауап берді:
“Жесір әйелге барған - сауап деген өтірік сөз ел арасында тарап кеткен. Соған сүйенген қаншама адамның жолы жабылып, өмірі талқан болды.
Шамаң жетсе, сүйген екі жүректің емі - ақ неке. Басқа жол жоқ!
Ал, зина - өзіңе де, отбасыңа да жамандық әкеледі. Тезірек тәубеге асығу керек”, - деп жауап берді.