Әйелін ақ аюдың шабуылынан қорғамақ болған ер адам ауыр жарақат алып қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

CBS мәліметтері бойынша, ерлі-зайыптылар иттерін іздеу үшін таңғы 5-те көшеге шыққан. Алайда, жол жиегінен аюды кездестірген, жыртқыш бірден әйелге тап берген. 

"Ер адам сүйіктісін қорғау үшін, аюға қарсы тұрған. Қазір ол аяғы мен қолынан алған ауыр жарақаттарын емдеуде", — делінген жергілікті полиция қызметі мәлімдемесінде.