"АЭС болса, экологияға да тиімді болар еді, шіркін" - Блогер Өркен Кенжебек

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Менен сұраса, қолдаймын және тіпті 15 млрд теңгеге референдум өткізуді мүлдем артық шара деп ойлаймын. АЭС салады деген Үлкен ауылының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілсін, жарайды, аудан көлеміне. Бірақ, атом қуатын пайдаланып жатқан 30-дан аса елдің ешбірінде мұндай референдум өткізілмеген. Өткен тамызда Қытайдың Мемкеңесі 31 млрд долларға 11 жаңа реактор саламыз, бітті деп хабарлай салды

Әлемдегі ең үздік демократияның үлгісін біз орнатамыз десек те, мемлекет игілігі, қоғам мүддесі үшін керек деп шештің бе, бассашы, әкең) Сол үшін менен сұрамайды және мұнда Фэйсбуктегі ақылы посттардың бәріне ортақ тезистердің бірін де қайталамадым ]”тіпті Францияда қуаттың 70%-ін атомнан шығарады”, “Қазақстандағы қуаттың 78%-і көмірден алынады. АЭС болса, экологияға да тиімді болар еді, шіркін”[ деп үміттенемін. Барғанда көргенім, көргенде естігенім ғана

Иә, атом қуаты - қауіпті. Қынынан ұстамасаң, қол кеседі. Бірақ, басқа қуат өндіру түрлерімен салыстырғанда ең өнімдісі, ең тұрақтысы, ең тазалауы осы екеніне Құдайдың қалауымен ғылымда болған жетістіктерге сенетін әр кәлла келіседі ғой. Бұдан зорына миымыз жетпей жатыр ал. Ұшақ та сынады. Тіпті, құлайды. Бірақ, барша көлік түрлерінің арасындағы ең қауіпсізі сол. Сондықтан, “Өркен не дейді?” деп менің пікірімді қадір тұтқан оқырманым болса, ойым осы", - деп жазды блогер.