Сол себепті Caravan.kz медиа порталы осы мәселені зерттеп көрді. Ғаламторда жарияланған ақпараттарға қарағанда өзге мемлекеттерде балалар жәрдемақысы әрине әлдеқайда көп. Бұған қоса көпшілік елдерде жәрдемақы 20 жасқа дейн ай сайын төленеді.Мәселен:
ФРАНЦИЯ
Францияда бала дүниеге келген кезде €923,08 еуро төленеді (€1846,15 еуро асырап алған жағдайда). Біздің ақшамен 400 мың теңгеден артық. Бұл сома өмірге келген сәбидің шығындары мен күтіп-баптауына арналған. Аталған қаражат ата-анасының жалақысы €35.729 дан төмен болған жағдайда беріледі. Бұған қоса баланың саны мен ата-анасының жұмысына да байланысты. Ал ай сайын Allocation de base (après la naissance) €184,62 еуро көлемінде жәрдемақы қарастырылған.
ГЕРМАНИЯ
Германияда 5 жасқа дейінгі балаларға 240 еуро көлемінде жәрдемақы төленсе (104980 теңге) 13 жасқа дейінгі балаларға 296 еруоға дейін көтеріледі. Ал 14 жастан 14- 17 жас аралығындағы жастар 316 еуро ақы алады. Аталған жәрдемақыға қоса бір реттік өзге де көмектер бар.
ФИНЛЯНДИЯ
Финляндияда балалар жәрдемақысы 17 жасқа толмаған елдің әрбір азаматына төленеді.
Балаларды қолдауды Финляндияның Ұлттық әлеуметтік қамтамасыз ету институты (KELA) атқарады. .
2018 жылы Финляндияда балаларға берілетін жәрдемақы:
1-ші бала € 94,88 еуро
2-ші бала € 104,84 еуро
Үшінші бала 133,79 еуро
4-ші бала € 153,24 ероу
кейінгі балалар 172.69 € еуро көлемінде ақы алады. Бұл жайлы Kela ұйымының сайтында жазылған.
ШВЕЦИЯ
Балалар жәрдемақысы Швецияда тұрақты тұратын және 16 жасқа толмаған балалары бар ата-аналарға беріледі.
Егер отбасында екі ата-ана бірлескен қамқорлықта болса, онда баланың ата-анасы үшін екі рет - 625 СЕК (швед кроны) бөлінеді. Шамамен 26191,73 теңге Егер ата-анасы баланы жалғыз көтерсе, ол айына 1,250 швед кронын алады. Дереккөз Forsakringskassan ұйымы.
КАНАДА
Канададағы балалар жәрдемақысы 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленетін ай сайынғы төлем болып табылады және салық салынбайды. Жәрдемақы 2 түрге бөлінеді: 6 жасқа дейінгі және 6-дан 17 жасқа дейінгі.
533.33 CAD ай сайын 6 жасқа толмаған әрбір балаға беріледі. Шамамен 155 620 теңге
450.00 CAD 6 жастан 17 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайын беріледі. Аталған сома балалардың санына және отбасының табысына байланысты өзгеріп отырады.
Бұған қоса аталған елдерде көп балалы отбасыларға ерекше қамқорлық жасалған.