Аталған бағдарлама аясында, "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының мүшесі, филолог, “Махаббаттың мәні” кітабының авторы Айбек Нәби Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат берді.
- 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрген болатын. Осы Рухани жаңғыруды сіз қалай түсінесіз? Сіз үшін Рухани жаңғыру деген не?
- 2005-2006 жылдары Сэмюэл Хантингтонның «Столкновение цивилизации», - деген кітабы танымал болған. Сол жылдары студент кезімізде ол кітапты барлығымыз оқыған болатынбыз. Сол жерде бір-ақ соғыстың болатыны жазылған. Әлем бойынша бір-бірінің жері үшін соғысу деген бітті, ендігі соғыс мәдени соғыс болады деп жазылған. Заман адамзатты күннен күнге сығып келе жатыр, Бұрын әлемде үш толқын болды деп жазылған кітапта. Сол толқын арқылы адамзатты өзгертіп жіберген. Бірінші толқын ол – үңгірде тұратын адамдар егін егуді үйренді. Егін егуді үйреніп еді, бірінші рет қалалар пайда болды. Үлкен қалалар пайда болды. Яғни, үңгірде жүрген адамдардың келбеті өзгеріп кетті. Ал екінші толқын пайда болған сәт ол – пароход пен теміржолдар пайда болған кез. Бұрындары тек жақын жерлерді ғана жаулайтын едің,ұзақ жерге бара алмайтынсың. Темір жол мен пароход пайда болған кезде, адамдар ана құрлықты да, мына құрлықты да жаулай береді. Бір-бірімен араласа бастады. Мысалы, ақ нәсілді адамдар Африкаға барады. Олардың екеуінің мәдениеті бір-бірімен бетпе-бет келеді. Бұл әлемнің екінші деңгейін өзгертіп жерді делінген кітапта. Содан үшінші толқын басталды, ол – интернеттің толқыны. Бұрынғыдай сен кемемен ешқайда бармайсың, сен интернетте ашып қалып Америкада болмаса басқа елде не болып жатқанын көресің. Бұл адамның санасында мәдени төңкеріс жасады. Бұрындары қазақтардан басқа халық жоқ, қазақтар ғана ұлы халық деген ой болған. Ал қазіргі заманда көптеген мәдениеттер тоғысқан. Ондай кезде адамдар “анау андай істеп жатыр, мынау мынадай істеп жатыр”, - деген мәдени шок алады. Сол кезде адамдар "біз негізі кім едік, тегіміз кім еді" деген сұрақ қойып, өзін іздей бастайды. Осылай төртінші толқын пайда бола бастайды. Ол адам өзінің тегін, салтын, дәстүрін іздей бастайды. Қай елде де болсын бәрі өз тегін іздей бастайды. Бұған не дәлел деген кезде генеология деген шықты. Адамдар ДҢҚ-дан өтіп, өзінің тегін біле бастап жатыр. Осылардың дәуірі басталды деген сөз. Осылардың барлығы айналып келгенде өзінің мәдениетіне, өзінің салт-дәстүріне келді. Хантинг өз кітабында тек мәдениеттер бір-бірімен соғысады деп жазған. Мысалы, бізде діни мәдениет болып жатыр. Хиджаб әлі де дау болып жатыр, оны мәдениет соғысы деп толықтай айта аламыз.
Адам өзінің салт-дәстүрін, мәдениетін іздеген кезде, үкімет мұндайды өзінің қолына алады. Сол себепті «Рухани жаңғыруды» қолға алуымыздың өзі заңдылық. Латын алфавитіңді құрып, өзіңнің дыбыстарыңды сақтап қалу керексің. Кесенелердің барлығы жаңғырып жатыр, Түркістан, Арыстан-Баб барлығы жаңғырып келе жатыр. Мұның барлығы «Рухани жаңғыруды» жаңғырту үшін жасалып жатыр. Сондықтан,
«Рухани жаңғыру» мен үшін ата-бабамыздан бізге мұра болып қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрып, біздің кесенелеріміз.
- Сіздің ойыңызша толықтай Рухани жаңғыруымызға қанша уақыт кетеді? Өз мәдениетімізді өзімізге қалыптастыруға қанша уақыт кетеді деп ойлайсыз?
- Рухани жаңғыруымызға мынадай уақыт кетеді деп айту қиын. Толықтай жаңғырудың жолына келе жатырмыз. Жаңа айтқанымдай «Рухани жаңғыруды» қолға алуымыздың өзі заңдылық. Латын әліпбиін құрып, төл дыбыстарымызды сақтап қалу керек. Одан кейін Түркістан, Арыстан-баб бабаларымыздың да кесенелерін жаңғыртып жатырмыз. Адам бәрібірде өзінің мәдениетіне, салт-дәстүріне келеді. Өзінің мәдениетін іздей бастайды, сондықтан да оның да ауылы алыс емес шығар. Дегенмен де оған мынадай уақыт кетеді немесе мынадай деп айту қиын. Барлығы уақыттың еншісінде.
- Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар мақаласын оқыдыңыз ба? Ең бастысы көзіңізге қай сәті түсті? Өзіңізге мақаланың қай жері көңіліңізден шықты?
- Ол мақалаға әркім әрқалай қарайды. Біздің оң жаңбасымызға тигені, ол әдебиеттерді шығару. Осы жағы өз басыма қатты ұнады. Барлық жерге барғанда да “Рухани жаңғырудың” осы жеріне көз жеткізіңіздер дейміз. Басты ұнағаны – әдебиет, одан кейінгі ұнағаны латын алфавиті туралы. Біз латын бойынша да жоба ұсынғанбыз, ол да мүмкін шешімі шығатын нәрсе шығар. Өзіме басты ұнағаны сол әдебиет туралы және латын қарпі туралы.
- Ал латын әліпбиі демекші, екі жақты пікір туындап жатады. Сіз қай жағындасыз, қолдайсыз ба? Латын әліпбиіне көшуіміз керек пе? Сіздің ойыңызша латын әліпбиіне көшетін уақыт жетті ме?
- Иә, латынға тез арада көшуіміз керек. Ол кезек күттірмейтін тіпті талқыланбайтын нәрсе. Латын әліпбиі оны күтсең де, күтпесең де бәрібір көшетін нәрсе. Латынға өтсек, мына әріптерден айрылып қаламыз деген қате пікір. Ол шартты нәрсе, бастысы ол сенің дыбысың. Дыбысты сен қанша әріппен таңбаласаң да ол жүре береді. Арабтың төтесімен таңбаласаң да немесе латынға саласың ба оның еш айырмашылығы жоқ, бәрібір дыбыс қала береді. Ал кириллица бізге ұлттық нәрсе сияқты қалған. Кириллица орыстарға 1940 жылы енгізілген нәрсесі. 30-шы жылдары латынға өтейік дегенде де бәрі шок алған, одан кейін 10 жыл латынмен жүріп, кириллицаға өтейік дегенде де адамдар шок алған. Сондықтан ол өтетін нәрсе. Әлем бойынша бағдарламау 26 әріппен ғана жасалып жатыр. Орыстардың өзі де бағдарламауға ілесе алмай түбінде амал жоқ латынға өтеді. Заманға ілесу үшін латын әліпбиіне бәрібір де өтесің. Африка, Бразилия сияқты тайпалар бар, ешкіммен араласпайтын өзінің әліпбиі бар. Егер солай өмір сүргің келсе, латынға көшпесе де болады. Ал егерде заманға ілескің келсе онда қаласаң да, қаламасаң да латын әліпбиіне өтесің.
- Сұхбатыңызға рақмет!