Айдай Исаева «Әлем аруы - 2014» жартылай финалында өнер көрсетті (ФОТО)


Әлемдік арулар байқауының жартылай финалы кезеңі телевидениеден көрсетілген жоқ, бірақ та қазылар алқасы финалға 16 қызды іріктеп алды, ол 25 қаңтарда Майамиде (АҚШ) өтеді. «Әлем аруы» атағы үшін сынға түсетін он алты қатысушының есімдері конкурстың тікелей эфирде көрсетілетін финалында жарияланады.

Жартылай финалда әлемнің түпкір-түпкірінен бақ сынаған 88 ару сахнада өз өнерлерін паш етті.

Біздің отандасымыз сахнада өзін сенімді ұстап, финалға өтуге үміттенуде.

Еске сала кетейік, 25 жастағы Айдай бұған дейін «Шымкент аруы-2008», «Алматы вице-аруы-2013», «Қазақстан аруы-2013» атақтарын жеңіп алған болатын.