Айдана Досқалиеваны өлтірген күдікті қамауға алынды - БҚО

БҚО сотының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қылмыстық тергеу органдарының мәліметі бойынша «ВАЗ-2106» автокөлігімен жолаушы тасымалдаумен айналысқан Б.Хасанғалиев биылғы 14 тамызда Орал-Атырау күре жолында А.Досқалиева мен бейтаныс адамды көлігіне отырғызған. Екінші жолаушы Щапов ауылында түсіп қалған да, Хасанғалиев Айдананы Жайық өзенінің жағасына апарып, зорламақшы болған. Ақыры қызды ұрып-соғып, суға батырып өлтірген.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.