“Жігіттер” тобының әншісі Айдар Байжанов халықтан отбасын жасыратын әншілердің әрекетін түсінбейтінін сөз етті. Десе де, ол некелі жұбайы мен қызын ешкімге көрсеткісі келмейді екен.
“Халық ақымақ емес. Әніңді жақсы көріп тұрса, саған өздерін жаулауға мүмкіндік береді. Халықтың сүйіспеншілігіне бөлену үшін отбасын жасыру – арзан нәрсе. Әйелім мен қызымның бар екенін жасырмаймын. Бірақ оларды ешкімге көрсеткім келмейді. Әйел адамды жасырсаң, ол өте бағалы болады. Сол себепті, халық сұрап жатса да, көрсеткім келмейді. Түсірілімдерден тыйып отырамын”, – дейді әнші.