Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
“Әйелімнің есімі Әйкерім. Оңтүстік өңірдің тумасы. Сондай жақсы қыз. Өсіп-өнген, көргенді жердің қызы. Сондай тәрбиелі. Білімнің адамы. Өнерге қызықпайды. Менің өнерімнен, шығармашылығымнан, концерттерімнен, әндерімнен хабары жоқ. Тойға да бармайды. Менімен бірге баруға құлықты емес. Табиғаты сондай. Бос уақытында тіл үйренеді. Курстарға барады. Кітап оқиды. Балалармен уақыт өткізеді. Балаларға деген махаббаты зор. Оларды артық уақыт далаға шығаруға қорқады. Тіл-көз бар, вирус бар дегендей. Мен өзім оған разымын. Төркінге жылына бір рет қана барады. Анасының өзімен 3-4 күнде бір сөйлеседі. Оған қарағанда мен қайын жұртқа көп барамын. Өз ата-анам да, ата-енем де Шымкентте тұрады. Ата-анама барғанда ол кісілерге де амандасуға тырысамын”, – деді Айдар.
Әнші ағылшын тіліндегі әнінің шетелде жақсы тыңдалғанын айтады. Алдағы уақытта түрік тілінде ән жазбақ.
“Өнерде тіл жоқ. Біз шетелдің әнін, ағылшынның әнін тыңдап келдік. Тыңдай да береміз. Өмір бойы қазақша ән айттық. Әлі де айтамыз. Бұл жай ғана ерекшелік. Бұған өнер деп қарау керек”, – дейді ол.