"Осы біздің қазаққа қайран қаламын!
Рахымжан Отарбаев Мұхтар Мағауин туралы пікір айтыпты деп бұлқан-талқан болып жатыр.
Ал, жарайды, айтқан шығар. Қақысы бар. Ол да жазушы, ойы бар, пікірі бар. Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Мағауин де солай. Өз араларындағы қарым-қатынас, бəсекелестік шығар.
Алайда осы үшін қалған халықтың қылғынатындай жөні бар ма? Ауызы бар, айтады да. Қажеті болса Мұхаң өз жауабын берер. Бала емес, кемтар емес. Қарымды қаламгер, тірі классик жазушы.
Жазушылық - дін емес. Мағауин - Қағба емес. Жазушылық, шығармашылық үшін бұл үрдіс тіпті пайдалы керек десеңіздер. Бүгінгі əдебиетіміздің тұралап қалуы айналып келгенде сынның жоқтығынан. Əдеби ортадағы бəсекелестіктің жоқтығынан. Маған десе біріккен Одақтың да қажеті жоқ. Қырық одақ, жүз ұйым болсын. Бір-бірін түтіп жесін, аямай сынасын, сынағанда шаңы көкке шықсын! Бұл бүгінгі боқ сасыған болотодан жақсы.
Мағауин Отарбаевқа емес, қоғамға жауап беруі керек. Жаңа романымен, жаңа дүниесімен, жаңа жазбаларымен. Жаңа туындысын оқыған соң: "Ееее, Отарбаевтікі дұрыс емес екен! Мұхаңдай жазып алсыншы алдымен!" деп отырайық сосын".
Естеріңізге салсақ, Рахымжан Отарбаев «Әдебиет порталына» берген сұхбатында өзінің біраз
аға әріптестерін сынған болатын. Ол Мұхтар Мағауинді классик жазушылардың қатарына жатқызбайтынын айтып, ал Асқар Сүлейменовті тіпті жазушы емес деген..