Айдын Айымбетов ғарыш кемесіне алғаш кіріп, жаттығу жасады

Бұл – ғарышқа көтерілер алдындағы соңғы дайындықтар. Ашық орбитаға ұшатын Айымбетов ресейлік және еуропалық әріптестерімен бірге ғарыш кемесінің мүмкіншіліктерімен танысып, атқарылатын жұмыстарды талқылап алды. Ал «Союздың» Байқоңырдан қыркүйектің 2-сі күні көкке көтерілетінін айта кетейік. Ондағы негізгі экипаж мүшелерінің бірі, 43 жастағы отандасымыз Айдын Айымбетов қазақ арасынан 21 жылдан кейін Орбитаға көтерілейін деп тұр. 

Loading...