Әйел адамның күйзелуі жүрек ауруына әкеліп соғады - дәрігерлер


Эмори Университетінің мамандары жүрек ауруына шалдығу қаупі бар 3 235 адам арасында 3 жыл бойы зерттеу жүргізген.

Тәжірибеге қатысқандардың 33 пайызын орта жасы 62,5 болып келетін әйелдер құраған. Зерттеу кезінде 55 жастағы және одан жас әйелдер тобында күйзеліске ұшыраған сайын жүрек ауруының қаупі 7 пайызға артқаны байқалды. Ал жасы  үлкен әйелдер мен ер адамдарда бұндай қауіп байқалмаған.