Әйел билеттердің бір реттігінен ЭКСПО-ға кіре алмады

"Не істерімді де білмеймін. Ештеңені де көріп үлгермедім, кірдім де шықтым. Мен ол ережелер туралы білмедім. Балаларым іште күтіп тұр, олардың жастары 9 және 12-де. Не істерімді білмеймін", — деді өзін таныстырғысы келмеген әйел.  Ереже бойынша әйелге жалғыз мүмкіндік билетті қайта сатып алу. Оның құны жұмыс күндері 4 мың теңге, ал демалыс күндері 6 мың теңге.

Сонымен қатар ЭКСПО аймағында өтетін іс-шараға қатысу үшін ЭКСПО-ға кіру билетін сатып алу қажеттігін ұмытпау керек. Іс-шараға қатысу билетін сатып алу жеткіліксіз, көрмеге кіру билеті де міндетті.