Әйел: Мешіт алдында қайыр сұрауға намыстанамын. Бірақ амалым жоқ

Әлия Ермағанбетованың ешкімі жоқ. Жұмыс істеп, ел қатарлы күн көргісі келеді. Осыдан 5 жыл бұрын құрылыста аяғын сындырған. Содан бері қайыр сұрап күнелтеді.

«Мешіттің алдында қайыр сұрап отырамын. Кейде тәртіп сақшылары отырған жерімнен қуып жібереді. Бір шетінен оларды да түсінемін. Менің де амалым жоқ. Әйтпесе, мені кім бағып, кім асырайды?! Жағдайым өте қиын. Садақа берген адамдар «Арақ ішесіз бе?» деп сұрайды. Менің ішпейтінім түрімнен көрініп тұр емес пе?! Жұрттан тиын сұрауға намыстанамын. Ұятымды шетке ысырып, күні бойы осылай отырамын”, – дейді Әлия ханыс.


Қайыр сұрағаны қарын тойдырудан артылмайды. Бір күндік нәпақасы 2 мың теңгеге жетеді екен.