Оны әйелдер менопауза кезінде пайдалана алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Әйел адамдарға мұндай күндері жиі үзіліске шығуға рұқсат берілген. Жаңа ережеге сәйкес, әйелдер таза ауа келіп тұратын жұмыс орнына отырып, киімдерін жартылай шешіп қоюларына болады.
Сондай-ақ, әйел полицейлерге менопауза күндері жұмысқа кешірек келіп, жоғарыдағы бөлме ішінде жылап алуға рұқсат берілген. Ноттингемшир полициясының мұндай ереже енгізулеріне орта жастағы әйелдердің менопаузаға байланысты қызметінен кетуі себеп болған.
Кейбірі мұндай саясатты құптамай, 50 жас төңірегіндегі әйелдердің өзін-өзі қолға ала білетінін алға тартты. Ал екіншілері керісінше менопаузаның ана атанумен бірдей екенін айтты.
«Күн сайын қорқынышты оқиғалардың ортасында жүріп үйреніп қалған әйел офицерлерді жылап алуға арналған бөлмелерге жіберу – оларға құрметсіздік көрсеткенмен бірдей», - дейді консерваторлардан шыққан парламент депутаты Дэвид Дэвис.