Әйел сотталған баласына екі келіден астам есірткі беруге әрекеттенген - ШҚО

Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінен хабарлады.

«Сот-химиялық сараптама алынған зат екі келіден асатын наша мен марихуана екенін анықтады», - деп хабарлады облыстық ҚАЖ департаментінің кезекшісі Қайрат Нұрсалинов.

Ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.