"Әйел заты болсам да намысыма тиді": Жамбыл облысының полиция қызметкері биліктен көмек сұрады

Аталған видеоның белгілі заңгер Айгүл Орынбек желіге жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

 Жамбыл облысы полиция департаментінің Жуалы аудандық көші-қон қызметінің аға инстпекторы, полиция майоры өз үндеуін былай деге. 

"2021 жылдың 18 қаңтары күні  ҰҚК-нің Жуалы ауданы бөлімшесі қызметкері маған келіп кетуін сұрады, Онда Қазақстан аумағында тұрақты тұруды сұраған, қалпына келтіру үстіндегі шетел азаматының көрсеткен мекен-жайда тұрмайтынын айтып және менің іс әрекеттерімде сыбайлас жемқорлық қылмысы құрамының белгілері бар екен айтып, түсініктеме жазуымды талап етті",- деді полиция майоры.